Өлең
– шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен,
шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода , элегия , баллада , сонет ,
т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы
атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни
ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (
аңшылық , төрт түлік , наурыз өлеңдері ), ескілікті наным-сенімге
байланысты ( бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі ( салт ,
үйлену , мұң-шер өлеңдері), қара....
Мамандық
– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан
өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе
жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін
еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін
айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол
кәсіп ұғымына сай келеді. Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек
дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек....