Джумартова Жадыра Мұратқызы Балқаш қаласы Гимназия 2-сынып
Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы:Алатау. Ж.Жабаев Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ (ана тілі, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері) Сабақтың технологиясы: Өзін-өзі тану пәнінің технологиясы сабақ құрылымында толықтай қолданылады, дамыта оқыту технологиясы элементтері. Сабақтың мақсаты: Ана тілі сабағынан «Табиғат –тіршілік бесігі» атты жаңа бөлімді бастай отырып, табиғаттың ерекше бір сыйы – Алатау туралы жырлаған Ж.Жабаев атамыздың өлеңімен таныстыру, Жыр алыбы-Жамбыл атаның табиғат лирикасы, оны суреттеуге үйрету арқылы мақтанышымыз болған- Іле Алатауы туралы терең мағлұмат беру. Міндеттері: «Алатау-ардағым» сөзінің мағынасын ашқызу; «Алматы-мақтанышым» ұғымы арқылы Алматы 1929 жылдан Қ.Р. астанасы екенін еске түсіру; «Алатау-Аспан тауым» түсінік беру, Қазақстан таулары, оның ішінде «Бектауата -Әулиетау» ұғымымен таныстыру; «арқар - тау қойы» деген ұғым қалыптастыру; «Бектауата – Балқаштың мақтанышы» деген оқушылардың патриоттық сезімін арттыру арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; -Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, өлеңнің ұйқасын табуға, негізгі ойын ашуға байланысты білім, білік, дағдыларын жетілдіру; -Оқушының байланыстырып сөйлеу, шығармашылық жұмыстарын жазу, өлең құрастыру шеберліктерін арттыру; -Оқушылардың ұжымдық, топтық жұмыс түрлерін көрсету, өзін-өзі бағалау тәсілдерімен таныстыру; -Оқытудың дәстүрлі емес технологияларын пайдалану арқылы оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру; -оқушылардың шығармашылық қасиетттерін арттыру; -Табиғат-алтын бесік, оны аяла тақырыбында оқушыларды тәрбиелеу жұмысын жүргізу көзделеді. Сабақтың құралы мен көрнекілігі: слайд -презентация, карточкалар, суреттер, интерактивтік құрал-жабдық.