. Джумартова Жадыра Мұратқызы Балқаш қаласы Гимназия 2-сынып Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Алатау. Ж.Жабаев - 8 Января 2013 - Блог - Бастауыш сынып сайты-Инклюзивті шеберхана
Бастауыш-Началка
Сә, 09.10.2024, 19:38
ГлавнаяРегистрацияВход Қош келдіңіз Гость | RSS
Сайт мәзірі

Чат
50

Сауалнама
Сайттағы конкурстар қажет пе?

Всего ответов: 1040

Статистика

Онлайнда барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушы: 0

Главная » 2013 » Қаңтар » 8 » Джумартова Жадыра Мұратқызы Балқаш қаласы Гимназия 2-сынып Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Алатау. Ж.Жабаев
15:07
Джумартова Жадыра Мұратқызы Балқаш қаласы Гимназия 2-сынып Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Алатау. Ж.Жабаев

Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері:
Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Ортада ұстаз.
Иіліп сәлем бердік, Атқан күнге!
Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға!
Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге!
Иіліп сәлем бердік,  Достар бірге!
-оқушыларды сабаққа педагогикалық-психологиялық тұрғыда дайындау жұмысы. Сабақтың мақсатын хабарлау.

2. Армандайық:

- Қанеки,барлығымыз дөңгеленіп отырайықшы, көзімізді жұмып, мұғалімнің мәтінін тыңдай отырып армандайықшы... Өзімізді табиғат қойнауында жүргендей елестетейікші...Музыка.

 Мұғалім:    Міне арайлап таң атты. Жарқырап күн нұрын шашып тұр. Күннің алтын шапағы бетімнен сүйіп алғандай болды. Жүгіріп барып терезені аштым. Үйде таудан соққан самал желдің  иісі аңқиды. Көз ұшында мұнартқан, қар мен мұздың қоймасы іспеттес бұлттармен таласқан алып таудың, аспан таудың бейнесі көрінеді. Мен таза ауаны кеудемді  толтыра жұтып, таудың етегінде аққан тау суына  көз салдым. Тамылжыта сайраған құстар, тауды жаңғырықтырған жануарлар үні де ерекше естіліп тұр. Табиғат ана бар сыйын осы тауға сыйлағандай. Табиғат- тіршіліктің бесігі болса, Мына Аспантау  сол тіршіліктің қоймасы тәрізді. Мен болсам сол табиғаттың ақылды перзентімін. Аспан тау болса, менің ардағым, осы тау етегіндегі мекен- менің мақтанышым дегім келеді.

3.Сабақтың кілтін табайық.

-Балалар, осы мәтінді тыңдап отырып, өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?
-Мына балаға ат қойыңдар.
-Самат терезені неге ашты?
-Күннің шапағы қандай болды?
Ол нені көрді ?
-Тауды неге теңейді?
-Неге Аспантау деп атайды?
-Таудың етегінен нені көрді?
-Нелердің үнін естіді?
-Адам табиғаттың кімі?
-Табиғат ненің бесігі?
Аспантау деп қай тауды айтып отыр?
-Алатаудың басында нелер жатыр?
-Алатаудың етегінде қандай қала орналасқан?
-Алатау Саматтың несі?
-Алматы ше?
-Алматы қай жылдан қай жылға дейін астанамыз болды?

 - «Алатау–ардағым» деп сабақтың тақырыбын-кілтін  шығарып аламыз да тақтаға     ілеміз.

5.Топта жұмыс жасаймыз. -Оқушылар топ бойынша отырады. Топ жетекшілері сайланады.

 6. Барлық білім – кітапта.  Оқулықпен жұмыс.  Жамбыл Жабаев.

- Балалар, біз бүгін Жамбыл атамыздың өлеңімен танысамыз.
Өлең   « Алатау» деп аталады.

 Мұғалімді тыңдаймыз.

1) Мұғалімнің автор туралы мәліметтер оқуынан басталады. Жамбыл Жабаев 1845 жылы туылған, 1945 жылы қайтыс болды. Ж.Жабаев ірі халық ақыны, айтыскер ақын , оны жыр алыбы Жамбыл ата атап кеткен. Жамбыл ата Қазіргі Жамбыл облысының Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.

 Кестені де  құрамыз.Мұғалімнің оқығаны б-ша әр топ кестені толтырып шығады және өздерінің қосымша ақпараттарын да қосады.

 2) Хронологиялық кесте

Автор

Туған жылы

Туған жері

Қызметі

 

 

 

 

Жамбыл-жыр алыбы. Атақты Сүйінбай Аронұлынан бата алған айтыскер ақын екні ереше атап өтіледі.

Әр топ жұмысын тақтада салыстырады.

 3) Өлеңді оқу

-Өлеңді мұғалімнің жатқа оқуы.                          
-Оқушылардың тізбектеп оқуы.
-Өлеңнің ұйқасын табу.  Егіз ұйқас, шалыс ұйқас түрлері анықталады.
1-топ ө.1-шумағын талдайды
2-топ ө. 2-шумағын т-ды
3-топ ө. 3-шумағын т-ды
4-топ өлеңнің 4-шумағын талдайды
    «Әсем сөз әлемі»  Өлең        құрастыру.  

                                                                           Алатау   ---------р 

                                                                           Алатау   ----------қ

                                                                           Алатау   ---------м

                                                                           Алатау  ---------- м

  –шашылып жатқан сөздерден өлең құрайды. Тақтада 1-топ, 2-топ, 3-топ , 3-топ
мүшелері жұмыс жасайды. Орындарында барлық топ мүшелері 4-шумақты талдайды. Жұмыс бағаланып өтеді. Әр топ өз қалауы б-ша өлең құрауына да болады.

 4) Өлеңнің   мазмұнын ашу: Тақтада 3 оқушы жұмыс істейді.

Әр оқушы осы өлеңде кесдесетін,аңдар,өзен-көлдер, өсімдіктер
Атауын теріп алып кестелерді толтырады.
А)
Аңдар:         Жетісу:           Өсімдіктер:              

 топтар жұмыс істейді. Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Ә) «Қазақстан таулары» деген тапсырманы орындау арқылы топ мүшелері Бектауата тауы туралы сөз қозғайды

5) Слайдшоу:

      Бектауата тауы Балқаш қаласынан 60 км жерде орналасқан. Оны Әулиетау деп атайды. Оның табиғаты ерекше. Онда Сарықұлжа, Тасбақа, Үштіс сияқты қыраттар бар. Бектауата - мемлекеттік мақтанышымыз. Ол шағын қорық іспеттес. Онда  «тау қойы-сарықұлжа» атанған арқар мекен етеді. Тау   қыраны  бүркітті де кездестіруге болады.

 6)   1.Бектауата

2.Бүркіт
3.Сарықұлжа
4.Алатау
–шағын мәтін –акростих құрау тапсырылады.Алғашқы әріптер арқылы шығарма жазу.
Әр топ тапсырма таңдайды. Өз тапсырмасын орындайды. Топ спикерлері топ
мүшелерінің жарыс шығармасын тексеріп бағалап өтеді, әр оқушының сөйлеуіне мүмкіндік жасалады.

 в)  «Таразы»

Алатау –Қазағымның мақтанышы.;Бектауата-Балқаштың мақтанышы
Осы дәйек сөздің мағынасын ашуды, әр топ пікірталас түрінде өткізеді.

 Үйден дайындап келген ақппаратты пайдалану көзделеді, осы таулардың ұқсастығын тақтаға жазу, айырмашылығын жазу, қорытындыны таразылау.

 Ұқсастығы: Мақтанышы, жануарлары, құстары, өсімдіктері

Айырмашылығы: Биіктігінде, 1213м, 4000м

 7) «Балғын суретші»

Сурет конкурсы. Музыкамен сурет салу , оны  мәтінмен қорғау.

Алатау баурайында. Әр топ суретін 1-2 мин ішінде салып, көркем сөз түрінде қорғауы тиіс .

Диагностика жасайық

8. Қорытынды. Диагностикалық карта . 

Ой тұжырым беріледі. Иә, жоқ деген пікір білдіреді.(- +)

 1.     Алатаудың басында үнемі қар жатады.

2.     Сарықұлжа-арқардың бір түрі.

3.     Алатаудың қары көктемде ериді.

4.     Әулиетау – қасиетті жер.

5.     Бүркіт тек қана тау құсы.

6.     Алатаудың етегінде Алматы орналасқан

7.     Алматы 1928 жылы астана болды.

8.     Жамбыл ата-Жыр алыбы.

9.     Биыл Балқашқа 73 жыл толады.

10.                       Іле – Балқаш көліне құймайды.

11Үштіс, Сарықұлжа –Алатау қыраттары

12. Жетісу жеті бұлақ ағатын жер.

13. Жетісу таулары-Талас Алатауы,Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы.

14.Арыстан,аю,қасқыр,түлкі,борсық,сілеусін,жолбарыстар тауда да өмір сүреді.

15.Алатау бөктерінде жеміс ағаштары өспейді.

16.Таулар өзендер,аңдар ,құстар, адамдар тірі табиғатқа жатады.-деп қорытынды жасалады.

17. Жамбыл ата 1845 жылы туды.

18. Жамбыл - таудың атауы.

19. Жамбыл ата -1 ғасыр өмір сүрген дана ақын.

Диагностика қорытындысы б-ша «Жамбыл ата кім?» деген сұраққа жауапты оқушылар өз сөздерімен айтып өтеді.

 8.Жүректен жүрекке шеңберін құру.

А) Табиғатты қорғау туралы пікірлерін білдіру.

Табиғат - ол алтын бесік

Ә) Әр топ өз-өздерін бағалайды, бір-бірлерін бағалайды, қорытынды пікір жасалады.

 9.  Үйде білім алайық: «Алатау» –шағын шығарма жазу.Өлеңді жаттау.

Просмотров: 5639 | Добавил: Жанна | Рейтинг: 3.5/6
Сайтқа кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Қаңтар 2013  »
ДсСеСәБеЖұСбЖе
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мұрағат

Сайт достары
  • Ресми блог
  • uCoz-қауымдастығы
  • FAQ
  • uCoz-нұсқаулар

  •  


    Банк Интернет-портфолио учителейРадио для всех - юные радиолюбители Рейтинг@Mail.ru

    Бастауыш сынып сайты@Джумартова Ж.М.


    Verification: 2565ec65a513af9bb884567f6842a683