. Балқаштың тарихына зер салсақ - Мои статьи - Каталог статей - Бастауыш сынып сайты-Инклюзивті шеберхана
Бастауыш-Началка
Се, 15.10.2024, 08:49
ГлавнаяРегистрацияВход Қош келдіңіз Гость | RSS
Сайт мәзірі


Чат
50

Сауалнама
Сайттағы конкурстар қажет пе?

Всего ответов: 1040

Статистика

Онлайнда барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушы: 0

Главная » Статьи » Мои статьи

Балқаштың тарихына зер салсақ

                                                                                                     Қосымша -1-1

 Балқаштың тарихына зер салсақ...

     Балқаш өңірі түрлі-түсті табиғи ландшафымен көз тартады. Табиғат одан өзінің сыйын барынша аямаған екен. Балқаш, Балқаш көлі туралы алғашқы тарихи деректер 1697 жылдары Ресейдің саяхатшысы Семён Ремезовтың жасаған географиялық карталарында пайда болды. Сол картада «Көкше теңіз» (море Тенгиз) деген атаумен белгіленді. 17 ғасырда «Көкшетеңіз» атауы бірнеше карталардан орын алды. Ал 1730 жылы Стокгольмде шыққан Ф.И. Стреленбергтің картасында және жоңғарларда тұтқында болған швед офицері Ренаттың жасаған картасында Балқаш туралы нақты деректер көрсетілген болатын. 1834 жылы орыстың астраномы Федоров көлдің дәл географиялық координаттарын есептеп берді. Балқаш көлінің био, ихтио ландшафтарын зерттеуге орыс атаманы Асанов аттанған болатын. Ол Балқаш көлінен балықтың бұрын Ресейде кездеспеген  жаңа түрін тапқанын жазады. Бұл Балқаш «шармайы» еді. Орысша атауы-маринка болатын. «Балқаш» сөзі көне түркі тілінде «батпақты лай су» деген мағына берсе, ежелгі  қытайлықтар оны «Си-Хай» деп  атап, «үлкен су» деген  атау тағыпты. Түріктер мен моңғолдар Балқашты картада ақ түспен белгілеп,  «Ақтеңіз»  деп атайды. Бірақ, Балқаштың батысына қарай көшіп-қонған бұлар «Ақтеңіздің» «Көкше теңізге», көк түске айналғанын көріп, өз ойларынан тез айныпты. Содан бері, жоңғарлар Балқашты «Балхош-нор» десе, түрік текті  қазақтар «Көкше теңіз» деп атаған екен.

        Атақты орыс ғалымы Л.С.Бергтің  жазбаларында: «Балқаш-ағынды су қосылмайтын тұщы көл. Шөлейтті  тұзды, сор жерде тұщы көлдің кездесуі-табиғаттың тылсым сыры.»-деп жазады.Бірақ, бұл қате пікір болатын.Себебі,Балқаш көліне Іле, Жоңғар Алатауларынан,Тарбағатайдан бастау алған тау өзендері құйылады. Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз сияқты барлығы Балқашқа 26 000 тау өзендері мен бұлақтары құйылып отырады. Балқаш су қоймасының көлемі 100 млрд. куб метр., ауданы-15-20.мың кв.км. Тау сулары көлдің оңтүстік жағынан құйылғандықтан, көлдің оңтүстігі-тұщы да, солтүстігі - ағынды өзен сулары қосылмағандықтан, ащы болып келеді. 1884 жылы орыс ғалымы  А.С. Никольский  өз еңбегінде: «Түркістан округіндегі Балқаш Ортаазия су бассейнінің ихтиоландшафы ерекше. Онда бұрын беймәлім болған балық түрлері бар»-деп жазған. Иә, осы жаңа ашылған балық түрлері тек Балқаш су қоймасына тән жануарлар. Олар басқа су қоймаларында тез өніп, өспейтіні де дәлелденген.

        Барлық зерттеушілерді таң қалдырған Балқаш көлі 1970 жылы Қапшағай ГЭС-і салынғанда, нағыз табиғи апатқа ұшыраған еді. Іле-Балқаш проблемасы әлі де барша ғалымдарды толғандыруда. 20 ғасырдың осынау жаңалығы Балқаш көлінің тамырына балта шапқанмен бірдей болды.

      Балқаш көлінің суының, жануарларының, жәндіктерінің, өсімдіктер әлемінің табиғаттағы тепе-теңдігін сақтау үшін 1960 жылы Балқашта Балық шаруашылығының ғылыми институты ашылды. Балқаш жағалауында 1936 жылы орманшы Л.С. Голубинскийдің бастамасымен алғашқы бақшалар да пайда болды. Балқаш көлінің солтүстігі де бірт-бірте көркейе берді...

 

                                                         

 

 

 

 

 



Источник: http://bastaush.ucoz.ru
Категория: Мои статьи | Добавил: Жанна (22.03.2013) | Автор: Джумартова Жадыра Муратовна E W
Просмотров: 1773
Сайтқа кіру

Іздеу

Сайт достары
  • Ресми блог
  • uCoz-қауымдастығы
  • FAQ
  • uCoz-нұсқаулар

  •  


    Банк Интернет-портфолио учителейРадио для всех - юные радиолюбители Рейтинг@Mail.ru

    Бастауыш сынып сайты@Джумартова Ж.М.


    Verification: 2565ec65a513af9bb884567f6842a683