Қосымша -2 -1
Балқаш көлінің биоландшафы.
1.
Көлдегі ұсақ фитопланктондарды қалпына келтіру, көбейту, түрлендіру жолдары:
Балқаш көліндегі тіршілік-ұсақ микро өсімдіктер-балдырлардан
басталады. Олар тек микроскоппен ғана көрінеді. Балдырлар судың әр
тамшысында кездеседі десек өтірік айтпаған болар едік. Олардың маңызы мен
пайдасы неде?-деген сұрақ туындауы
мүмкін. Бұлар бір клеткалы, көзге көрінбейтін-фитопланктондар. Олар өте пайдалы балдырлар.
Фитопланктондар:
1. Жершарындағы оттегінің
тең жартысын бөледі .
2. Ауаны көмірқышқыл газынан
тазартады.
3. Суды минералды заттармен
байытады.
4. Су жануарлары мен
жәндіктеріне азық түрінде өте қажет.
Балқаш көлінде олар 100 000 т. тұрақты биомасса түзеді. Хлорелла фитопланктонынан үй
жануарларына азық жасайды. Көлде оның 200 түрі бар.
2.Бірклеткалы
зоопланктондар мен бентостар -балықтардың, су жәндіктерінің азығы
екенін есте ұстау.
Сонымен қатар көлде ескекаяқты және ұзынмұртты
шаяндар мен шаян тәрізді микрожәндіктер-зоопланктондар кездеседі. Судағы
биомассалық салмағы тұрақты-200 мың тонна.
Зоопланктондар:
1.Су
жануарларының азығы.
2.Су
тазартқыш-фильтрлер деуге де болады.
Зоопланктон түрлері: Дафний-су бүргелері. Көлдегі суды
өздігінен тазартатын табиғи фильтр. Ұзындығы 1-2мм. Олар-балықтар мен су
астындағы омыртқасыз жануарларға таптырмас бағалы қорек. Зоопланктон-Балқаш
Балықтарының негізгі азығы.
Бентостар-көлдегі омыртқасыз
жәндіктер. Олар-ұсақ құрттар мен инеліктің дернәсілдері. Гидробиологтардың тағы
бір жаңалығы бар. Олар- хирономидалар деп аталады. Бұлар масалардың дернәсілдері. Бұлар
судағы балықтарға құнды азық, су тазартқыш фильтр, судағы детриттерді (өлексе ағзаларды) бойына сіңіріп алады. Осы
дернәсілдердің тірі қалғандары су бетіне шығып, су жағасындағы бақа,
кесірткелерге, құстарға таптырмас қорек болады. Көлдің ұсақ ағзалары мен
өсімдіктері жойылып кетпес үшін судағы қамыс, құрақтардың көп болуы маңызды.
Құрақтар
(трост
Источник: http://bastaush.ucoz.ru |