Қазіргі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 1929 жылға дейін қазақ жазуы араб алфавитіне негізделген.1929 – 1940 жылдар аралығында қазақтар латын алфавитін пайдаланған. 1940 жылы орыс алфавитіне көшу туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. 1993 жылы қаңтардың 22-і күні тіл мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілді. 1997 жылы Тіл Заңы қайтадан талқыланып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді.1997 жылы шілденің 7-нде жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияның 7-ші бабы қазақ тіліне байланысты.«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңының 4-ші бабында мемлекеттік тілі – қазақ тіліне сипаттама берілген.Түркі тілдері 6 топқа бөлінеді: Оңтүстік тобы, Батыс тобы, Орталық тобы, Шығыс тобы, Солтүстік тобы, Чуваш тобы. Қазақ тілі орталық тобының қыпшақ тілі бұтағына жатады.
(до 1929 года – арабский алфавит).
(с 1929 года по 1940 год – латинский алфавит).
(с 1940 года – кириллица).
(1989 года 22 сентября казахский язык принял статус государственного языка).
(1995 году 30 августа принята новая Конституция РК).
Қазақ тілі білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар: фонетика, лексика, грамматика.
(Лингвистика казахского языка исследует 3 больших раздела казахского языка: фонетика, лексика, грамматика).
Фонетика 1. дауысты дыбыс
2. дауыссыз дыбыс
3. буын
4. тасымал
5. екпін
6. үндестік заңы
7. орфография
8. орфоэпия
Морфология 1. сөз құрамы
дара сөз: түбір сөз, туынды сөз
күрделі сөз: қос сөз, біріккен
сөз, қысқарған сөз,
тіркескен сөз
2. қосымша
жалғау: көптік, септік, жіктік,
тәуелдік жұрнақ: сөз тудырушы,
сөз түрлендіруші
3. сөз табы: 9 түрі бар
зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, үстеу, шылау,
еліктеу сөз, одағай
Синтаксис - сөз тіркесі
- жай сөйлес
- құрмалас сөйлем
- сөйлем мүшелері
- пунктуация
- стилистика
Лексика 1. жалпы қолданыстағы сөздер
2. қолдану аясы шектеулі
сөздер:
- кәсіби сөз
- диалект сөз
- термин сөз
- кірме сөз
- көнерген сөз
- неологизм
- табу сөз
- нақыл сөз
- тұрақты тіркес
3. сөз мағыналары:
- тура мағына
- ауыспалы мағына
- көп мағыналы сөз
- синоним
- омоним
- антоним