. Өзін өзі құрметтеу жеке адамның өмірге деген сезімі - Мои статьи - Каталог статей - Бастауыш сынып сайты-Инклюзивті шеберхана
Бастауыш-Началка
Же, 18.08.2019, 10:46
ГлавнаяРегистрацияВход Қош келдіңіз Гость | RSS
Сайт мәзірі


Чат
50

Сауалнама
Сайттағы конкурстар қажет пе?

Всего ответов: 1038

Статистика

Онлайнда барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушы: 0

Главная » Статьи » Мои статьи

Өзін өзі құрметтеу жеке адамның өмірге деген сезімі
Фотография профиля пользователя Жумабике ГурленбаеваҚарағанды облысы,Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің
ағылшын тілі пән мұғалімі:Гурленбаева Жумабике  Ражабовна


Өзін өзі құрметтеу жеке адамның өмірге деген сезімі


Жазушы-критик Сэмюель Джонсон сөзімен айтқанда <<өз-өзіне сенімділік-ұлы істерді жарату үшін  адамзатқа ең бірінші қажеттілік >>болып есептеледі.
Атап айтқанда мұғалімдік мамандығын таңдағандар үшін өз-өзіне сенімділік өте қажет.
Өзін-өзі құрметтеу-жеке адамның өмірге деген сезімі.Сіздің сол сезімді сезінуіңіз,оның ырқына көнуіңіз бұл сіздің ішкі түйсігіңіз.Адамның өзін-өзі құрметтеуінің негізі-өзінің ақылына сенуі,эмоциясына сенуі,өзінің сол бақытқа лайық екендігін мойындауда.Өзін-өзі құрметтеудің деңгейі:сіздің жұмысыңызға,адамдармен қарым-қатынасыңызға әсер етіп,сіздің қандай биіктікке көтеріле алатындығыңызға,неге қол жеткізе аласыз,кімді сүйіп,балалармен,достарыңызбен  қандай қарым-қатнаста бола алуыңызға ықпал етеді.

 Өзін-өзі құрметтеп білген адам:тәуелсіз,шығармашыл,уақыт өзгерістеріне төтеп бере алатын,басқалардың көрмегенін көре алатын,өз қатесін түсінетін,айналасындағылармен жоғары деңгейде қарым-қатынаста бола алатын адам.

Өз-өзін құрметтей алмаған адам:көзі ашық соқыр,өмірде болып жатқан өзгерістерге қорқақтықпен қарайтын,тұрақсыз,өз қатесін сезбейтін,өз-өзі басқара алмайтын,өзгелерге жау көзбен қарайтын,аяқ пен емес ауыз бен жүретін адам.

Адам өзін қанша жоғары деңгейде құрметтесе сонша жоғары табысқа ерісіп,өсіп-өркендейді.

Бұл-өмір талабы.Осы өмір талабына сай мұғалімдерде өз еңбектерінің босқа кетпеуі ұшын өз-өзін құрметтеу деңгейін жоғарылату қажет.Әрбір мұғалім өз білгенін өзгелерге үйрете алмай қорқақтық жасаса,білмеймін деген сөзді көп қайталаса, ол өзін-өзі бақыттан,құрметтен  бос қалдырады.Бұл өмір менің біліміме ыңғайлану керек.Мен келешек үшін күресе аламын,мен бұны білемін деген адам арманына жете алады.Білмеймін деген адам қанша кітап оқысада,семинарларға көп қатысса да ештеңге үйрене алмайды.Міндетті  түрде жоғары орын алу емес,адам өзіне деген құрметі жоғары болса барлығы өз орнымен болады. Бұның барлығы сіздің өмірде неге қол жекізгіңіз келетіндігіне байланысты.Өмірде барлығына қол жеткізу тек өзіңізге байланысты!!!Бұл өмір талабы.

 Егер сіз не істеу керек екендігіне көз жеткізген болсаңыз,өміріңізді түбегейлі   өзгерте алатындығыңызға көзіңіз жетсе,көп күтпей дәл осы шақта алға қадам басыңыз!!!

Қазір және Осы жерде!!!Жылдам!!! Дауысыңыз барынша,баршаға естіртіп айқайлаңыз!!! МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ!!!МЕН БАҚЫТТЫМЫН!!!

Егер сіз бұдан ештеңге шықпайды деп өзіңізді сендірсеңіз,онда ойлағаныңыз ешқашан орындалмайды,ештенгеге ерісе алмайсыз.

 Өзіңізді өзіңіз құрметтеңіз.Мен білемін,білімідімін!Алланың бергенін басқаларғада үйрете аламын!Өмірде табысқа ерісемін!Мен оқытқан балалар өз-өзін құрметтеу арқылы өмірде дегеніне жетеді!

  Мен оларға"Сенде бір алланың жаратқан пендесісін!Алланың бергенінен құр қалма!Өзінді өзің құрметте!Сонда сен өзіңе керек білімді ала аласын!!!"деймін.

 Мен өзімді қалай жаралған болсам солай қабылдаймын,құрметтеймін.Өз  қатемді түсініп,табысымды бағалаймын.Балаларғада солай үйретемін.Міндетті түрде күнделікке "5"алу емес,әр бір оқушы өзінің неге қол жеткізе алатындығын сезіну керек.Әрбір бала өзінің сол сезімін дамыту керек!"Менің қолымнан келеді!Мен ұстазым берген білімді қабылдап,алған білімімді өмірде өз орнында қолдана аламын!"Бұл сезім баланы алға жетелейді.

 Ешкім анадан білімді болып тумайды.Көріп,біліп,ащы-тұщының  дәмін үйренеді! Қиыншылыққа төтеп беріп үйрену керек.Сабырлы да салмақты болу керек.Сонда ғана айналандағылар сені құрметтейді!

 Қазіргі заман – жаңалықтар кезеңі!Өткенді еске алып,қатені түзетіп,жаңаны қабылдау керек!!!

 Сонда ғана өзіңе болған өзіңнің құрметіңді оята аласын.

 Егер мені түсінген болсаңыз ертенгі күніңіз табысты және құрметке толы болады.

  Қорыта келе айтқанда біз мұғалімдер үшін өзін-өзі құрметтеу өте қажет!Құрметті ұстаздар өзімізді,өз еңбегімізді құрметтейік.Сонда ғана бізді шәкірттеріміз құрметтейді.

Құрметке лайық болайық!!!

 



Источник: http://bastaush.ucoz.ru
Категория: Мои статьи | Добавил: Жанна (26.11.2013) | Автор: Гурленбаева Ж Р E W
Просмотров: 753
Сайтқа кіру

Іздеу

Сайт достары
  • Ресми блог
  • uCoz-қауымдастығы
  • FAQ
  • uCoz-нұсқаулар

  •  


    Банк Интернет-портфолио учителейРадио для всех - юные радиолюбители Рейтинг@Mail.ru

    Бастауыш сынып сайты@Джумартова Ж.М.


    Verification: 2565ec65a513af9bb884567f6842a683