. Бастауыш сынып сайты-Инклюзивті шеберхана - Менің отбасым-мақтанышым!
Бастауыш-Началка
Сб, 27.04.2024, 02:53
ГлавнаяРегистрацияВход Қош келдіңіз Гость | RSS
Сайт мәзірі


Чат
50

Сауалнама
Сайттағы конкурстар қажет пе?

Всего ответов: 1040

Статистика

Онлайнда барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушы: 0

Менің отбасым-мақтанышым!

«Менің отбасым –мақтанышым» конкурсының нәтижесі

Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар, жанкүйерлер!

Міне, сары майдай сағындырған конкурстың нәтижелері шығып отыр, өз арамызда сіздердің  э-почтаға жазған өтініш, тілектеріңізді басшылыққа алып, мынандай шешімге келдік.

Конкурсқа  32 жұмыс келіп түсті, оның  21-і конкурсқа қабылданды, менеджерлердің техникалық қателеріне байланысты   1 шығарма-Балтабай Зеренің шығармасы дауыс беру  бетінде болмағанымен, ол видео мамандардың  сараптамасынан тыс қалған жоқ. Сайт әкімшілігі Зереден кешірім сұрайды.

11-жұмыс конкурсқа алынбады. Себебі, конкурс материалдары  сайтта жарияланған ережелерге сай болуы керек еді. Біз алдын ала айтқан болатынбыз, басқа форматтағы жұмыс түрлері қабылданбайды деп.

Конкурсты бағалауда видео сапасы, шығарманың мазмұны, музыкалық  сүйемелдеуі  де ескерілді. Дауыс беру  беті осы сайысқа неғұрлым көп жанкүйерлерді  тарту үшін жүргізілетін акциялардың бірі екенін бұрыннан қатысып жүрген көрермендер жақсы біледі. Конкурсты бағалау барысында бірнеше бас жүлде, 1,2,3, орындар және қатысушы сертфикаттары электронды түрде сіздердің почталарыңызға барады.

Сіздердің  осы конкурстың өту барысында толқып,  қорқып, қуанып дауыс жинап, ағайын-туыспен өз қуаныштарыңызбен бөлісе білдіңіздер. Бәйгеде шауып, оқ бойы озып шыққан Аяулым мен Талмастың ата-аналары сірә ұйқыдан да айырылған болар. Дауысты  сол соңғы сәтке дейін жинап,  тартысқа түсулері  барша қазақ қауымын тәнті еткендей. Себебі, сайт почтасына келіп түскен хаттар осы сөзімізге куә болары сөзсіз.

Осы конкурсқа қатысқан  әр видео-шығарма жас ұрпаққа үлгілі өнеге беруде, жол сілтер ерекше бір өнегелі жұмыстың бірі болды десек өтірік айтпаспыз. Әр видеоны қарап отырып, отбасы ошақ қасының ұйытқысы болар ата-әжелер, әке-аналар, аға-інілер, қарындас-әпкелер жайлы жазылған жүрек тербетер жылы да, мейірімді сезімдерге толы шығарма жолдарын оқи отырып, әр отбасының өз кем-кетігін түзері, өрге жүзері даусыз екенін білдік.

,,Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек . Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы . Ол келешекте оның өміріне  апат әкеледі ,, -Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, ең бірінші отбасы ошақ қасындағы  тәрбиеге  мән берейік, үлгілі отбасылардан өнеге алайық демекпін!

Мен, сайт жетекшісі-Жадыра Муратовна  осы конкурстың өту барысындағы кейбір техникалық кемшіліктер үшін кешірім сұраймын. Денсаулығыма байланысты сіздердің марапаттауларыңыз, алған жүлделі орындарыңыз туралы ақпарат кеш шығып отыр. Сайт осы конкурстан соң, ұзақ  техникалық жөндеуге жабылады. Мүмкін сайттың жетекшісі де өзгеруі мүмкін. Сондықтан, конкурсқа қатысқан Семей, Қарағанды, Жаңаарқа, Балқаш қалаларының оқушыларына алғыс айтпақпын. Қатыса алмай қалған оқушылардан кешірім сұраймыз. Егер, мүмкіндік болғанда, әр жұмысты қайта  жөндеп ілер едік. Уақыт та, маман да тапшы болды.

Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын!!!

Ізгі ниетпен, Жадыра Муратовна

Конкурстың нәтижесін басып көріңіз!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Барлық марапаттаулар сайыскерлердің
почтасына жіберілді.
Қалалық гимназия кештеу алады
 


                            
 

 

 

 

Сайтқа кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСеСәБеЖұСбЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Сайт достары
  • Ресми блог
  • uCoz-қауымдастығы
  • FAQ
  • uCoz-нұсқаулар

  •  


    Банк Интернет-портфолио учителейРадио для всех - юные радиолюбители Рейтинг@Mail.ru

    Бастауыш сынып сайты@Джумартова Ж.М.


    Verification: 2565ec65a513af9bb884567f6842a683