. Оқушының ғылыми жобасы - 27 Февраля 2013 - Блог - Бастауыш сынып сайты-Инклюзивті шеберхана
Бастауыш-Началка
Жұ, 26.04.2024, 09:03
ГлавнаяРегистрацияВход Қош келдіңіз Гость | RSS
Сайт мәзірі

Чат
50

Сауалнама
Сайттағы конкурстар қажет пе?

Всего ответов: 1040

Статистика

Онлайнда барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушы: 0

Главная » 2013 » Ақпан » 27 » Оқушының ғылыми жобасы
12:05
Оқушының ғылыми жобасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.

Мегажоба.

Бағыты:   экология.

 

                          

 

 

 

 

Тақырыбы:

« Балқашым-алтын бесігім»

 

                                                      

 

                                                                                   Орындаған:   Жарылғап А.,

                                                                                                          Амурзаков Ж. ,

                                                                                                          Сабыр Д.,

                                                                                                          Касимов А.

                                                                                   4«А» сынып оқушылары

                                                                                     Жетекшісі:  Джумартова Ж.М.

                                                                                     Бастауыш сынып мұғалімі

                                                               

 

                                                             Балқаш 2011

Мазмұны.

 

І. Кіріспе.

ІІ. Зерттеу бөлімі.

    2.1. Балқаш балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының маңызы.

    2.2. Балқаш көлінің биоландшафы.

    2.3. Балқаш көлінің жануарлар әлемі.

    2.4. Балқаш өңіріндегі мәдени  және бақшалық өсімдіктердің пайда болу                  тарихы.  

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

V.Қосымшалар:

2.1.Видеофильмдер.

2.2.Презентациялар.

2.3.Кітапшалар, буклеттер.

 

 

 

 

 

 

 

  

Абстракт.

        Зерттеудің мақсаты: Балқаш өңірі, Балқаш көлінің пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтер жинау арқылы, Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу.

         Зерттеу гипотезасы: Егер, адам баласы келешекте Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын білсе, оны игілігіне  әлі де пайдаланады деген ойдамыз.

         Зерттеу нәтижесі: Балқаш көлінің пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтерді кітапша түрінде, видео-фильм ретінде шығару, Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын  барша қазақстандықтарға түсіндіру. Осы жұмысымыз басқа да адамдарға пайдасын тигізеді деп үміттенеміз.«Балқаш-табиғаттың баға жетпес алтын  бесігі» деген халық даналығына көзіміз жетті.

Әдіс-тәсілдері: зерттеушілік жоба, сұхбат, тәжірибе, шығармашылық тапсырмалар, видеофильм түсіру, презентация құру, кітапша жасау.

Кіріспе.

     Балқаш өңірі түрлі-түсті табиғи ландшафымен көз тартады. Табиғат одан өзінің сыйын барынша аямаған екен. Алғаш рет Балқаш көлінің био, ихтио ландшафтарын зерттеуге орыс атаманы Асанов аттанған болатын. Ол Балқаш көлінен балықтың бұрын Ресейде кездеспеген  жаңа түрін тапқанын жазады. Бұл Балқаш «шармайы» еді.  Балқаш көлінің пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтер жинау  бізді қатты қызықтырды. Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын дәлелдегіміз келді.  

Зерттеу бөлімі. 2.1. Балқаш балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының маңызы.         1960 жылы Алматыдан  балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын көшіріп әкеледі. Балқаш өңірі мен Балқаш көлін зерттеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіле бастады. Балқаш көлінің пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтер жинауды осы ғылыми институттың зертханасынан бастадық. Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу үшін институт қызметкерлерінен түрлі кеңестер алынды. Олардың айтуынша, су қоймасындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау қажет.Біздің жүрегімізге білім нұрын ұялатқан   институттың ғылыми хатшысы-Кенжебеков Боранбай Кенжебекұлы мен оның зертханадағы әріптестері болды. Енді зертханадағы жұмыс нәтижелерімен таныстырып өтсек.2.2. Балқаш көлінің биоландшафы. Көлдегі ұсақ фитопланктондарды қалпына келтіру, көбейту, түрлендіру жолдары:Балқаш көліндегі тіршілік-ұсақ микро өсімдіктер-балдырлардан басталады. Олар тек микроскоппен ғана көрінеді. Балдырлар судың әр тамшысында кездеседі десек өтірік айтпаған болар едік.  Бұлар бір клеткалы, көзге көрінбейтін-фитопланктондар. Олар өте пайдалы балдырлар. Хлорелла фитопланктонынан үй жануарларына азық жасайды. Көлде оның 200 түрі бар.Бірклеткалы зоопланктондар мен бентостар -балықтардың, су жәндіктерінің азығы екенін есте ұстау.Сонымен қатар көлде ескекаяқты және ұзынмұртты шаяндар мен шаян тәрізді  микрожәндіктер-зоопланктондар кездеседі.  Зоопланктон  түрлері: Дафний-су бүргелері. Көлдегі суды өздігінен тазартатын табиғи фильтр. Ұзындығы 1-2мм. Олар-балықтар мен су астындағы омыртқасыз жануарларға таптырмас бағалы қорек. Зоопланктон-Балқаш Балықтарының негізгі азығы.Бентостар-көлдегі омыртқасыз жәндіктер. Олар-ұсақ құрттар мен инеліктің дернәсілдері. Гидробиологтардың тағы бір жаңалығы бар. Олар- хирономидалар деп  аталады. Бұлар масалардың дернәсілдері. Бұлар судағы балықтарға құнды азық, су тазартқыш фильтр, судағы детриттерді (өлексе ағзаларды) бойына сіңіріп алады.  Құрақтар (тростник)-қағаз, картон өндіруде таптырмайтын бағалы шикізат. Оның құрамында 32 пайыз целлюлоза бар.  Құрақ-амфибия өсімдік. Ол суда да, құрлықта да өседі.Тамыры сусыз ұзақ уақытқа шыдайды. Мықты болады. Құрақтың тамырлары айқасып өседі. Онда құстар өз ұяларын соғады. Құрақ-мықты биологиялық тазартқыш. Олар суды тұздан арылтады. Суға түскен қоқыстарды, кір суларды бойына сіңіріп, суды тазалайды.  Су тазартқыш-моллюскілердің түрлерін байыту. Моллюскілер-тамаша табиғи фильтрлер. Олар жеуге жарамдыны бойына сіңіріп, жарамсызын залалсыздандырып, су түбіне үйіп қояды. Моллюскілер:Кардиум-біреуі күніне 15 л су тазартады. Каспий теңізінен әкелінген. Цветная монодакна немесе түрлі-түсті монодакна-күніне бірнеше мың шаршы километр жерді алатын су қоймасын тазартып шығады.                  

2.3. Балқаш көлінің жануарлар әлемі.  Балықтардың жоғалуға шақ қалған түрлерін анықтау. Ұрықтануын, көбеюін қадағалау. Салмақтарын өлшеу. Балқаштағы балық шаруашылығы қалай дамуда? Балықтар-көлдегі негізгі  су жануарлары.Балықтардың Қызыл кітапқа енген түрлері туралы Балқаш балық ғылыми-зерттеу институтынан білдік. Балқаштың ең басты құпиясы, ежелден келе жатқан балықтарының бірі-шармай, қара балық (маринка обыкновенная )   Ол ұсақ шабақтармен қоректенеді. Шармай көлге жайын, сазан сияқты жыртқыш балықтарды жіберген кезден бастап, жойылуға шақ қалды.   Балқаш алабұғасы (окунь балхашский, окунь Шренка)-  Тұрқы кішілеу. Ұзындығы-0,5метр, салмағы-1,5 кг болады.  Ұсақ балықтармен, кейде өз ұрпағымен де қоректенеді. Қазір жойылуға шақ қалды. Қаяз балық (Аральский усач) -Балқашқа Іле өзені арқылы келген. Аралда түр ретінде жойылған. Тек Балқаш бассейнінде ғана бар.Мекіре (шип)-Арал теңізінен әкелінген балықтар. Балқаш-Іле бассейнінде бұлар әлі де бар. Қабыршақсыз көкбас (голый осман)-тұқы балықтар өкілі. Денесін сирек ұсақ қабыршақтар жауып тұрады. Өте баяу өседі. Ұзындығы 25-30 см. Құбылмалы форель (форель радужная)-бахтах балық. Албырт тұқымдас. Орта пішінді 0,5 м ұзындықтағы, салмағы 6 кг балық. Түсі құбылып өзгеріп тұрады. Олар Қазақстан қызыл кітабына енген.Сазан - тұқы балық тұқымдастарға жатады. Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр түсті болып келеді. Жылтыр қабықтарына қарап, қалантыр деп атайды. Жайын балық (сом обыкновенный)-жайынтәрізділер отрядына жатады.Денесі жоғарыдан төмен қарай жалпайған, арқасы қара, құрсағы ақшыл балық.   Ұзындығы 5метр, салмағы-300кг шейін жетеді. Жыланбас (змееголов)-басы үшін  осылай аталған балық. Төбесі тегіс және жыланның қабыршағына ұқсайды.Балқаш көліндегі балықтардың  байырғы тұрғындары-13 балық, жерсіндірілгені-26 балық. Балқаш көлінде жалпы 39 түрлі балық бар.   Балқаш маңында 30-ға жуық балық шаруашылықтары бар. Олар ерте көктемде өз қоймаларында өндірістік балықтардың шабақтарын өсіреді де, күн жылыған кезде, көлге қоя береді  Балықтар туралы деректер жеке кітапша түрінде ұсынылып отыр.  Су құстарының Қызыл кітапқа енген түрлерімен танысу, көшіп-қону бағыттарын қадағалау. Су жануарлары мен жәндіктері ұясын салатын тоғайлардың, құрақтардың, өсімдіктердің өсіп-өнуін, түрлену жолдарын жетілдіру. Сұңқылдақ аққу (лебедь-кликун) -ұзын мойын, ірі, салмағы 7-10 кг, кейдеп-13кг, қанатының құлашы 1,5 м құс.Тұмсығының үсті қызыл сары түсті, ұшы қара болып келеді. Қызыл бірқазан (розовый пеликан)- су құсы. Самағы-13 кг, ұзындығы-45см құс.Қанатын созғанда 3 м жетеді.2-4 қана жұмыртқа басып шығарады.Қызыл қоқиқаз (фламинго)-өте әдемі, ерекше құс.Ұзындығы-1,5м , салмағы небәрі 4 кг , ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. Латынша «фламма» яғни «от» деген мағына береді.   Негізгі азығы-ұсақ шаяндар, био, зоопланктондар. Боз шағала (хохотунья)-ақ түсті су құсы. Ірі салмағы 1,2 кг, қанатының құлашы 1,5 м Дауысы қарқылдап шығады.   Ақ шағала (чайка)-кішілеу келген аппақ құс. Салмағы 0,5 кг, Адамдарға жақын жерлерде өмір сүруге бейімделген. Ақ шағала шаңқылдаған дауыс шығарады. Қасқалдақ(лысуха)-қара құс, үйрек тәрізді. Салмағы 600-900г, үстінде ақ белгісі бар. Маңқылдап қысқа айғайлайды. Субүркіт(орлан-белохвост)-аққұйрық су бүркіт қазіргі кезде азайып кетті десе де болады. Олар туралы мәліметтер аз.   2.4. Балқаш өңіріндегі мәдени  және бақшалық өсімдіктердің пайда болуының қысқаша  тарихы.  1936жылы Бертіс шығанағының жағасында ор қазылып, оған  топырақ, құм араласқан қоспа төгіледі. Ол жерге сібір алма ағашы, алмұрт, таңқурай, жүзім отырғызылды. Бұл бастаманы ұйымдастырған-орманшы С.С.Голубинский болатын.  Алғаш Ботаникалық саябақ 1950 жылдары бас көтерді. Жаңа бастаманы басқарған-П.А. Соловьев болды. Арықтар қазу арқылы жүзім егудің жаңа жолын ойлап тапты. Пониклое сортты алмасы, Мадлен Анжевин жүзімі, Балқаш шиесі әлі де көз қуантып келеді.  Қазір Балқашта 2000 аса саяжайлар бар.Балқаштағы бақшалық, мәдени өсімдіктер:1.Сібір алмасы.  2.Пониклое сортты алмасы.3.Антоновка алмасы.4.Лимонка алмасы бар. Бұларды Ресейден, Алматыдан, Талдықорғаннан, Семейден алып келген екен.5.Балқаш шиесі-өте құнды шие. Ойлап тапқан- П.А. Соловьев еді.6.Жүзімдер:Мадлен Анжевин жүзімі, Бұқа көз, Дамские пальчики т.б. түрлері де бар екен.7.Балқаш помидоры. Өте бағалы көкөніс.8.Балқаш картобы. Дәмді, тез пісетін тағам.9. Сұр қарақат.Балхашская серебристая смородина деп аталады.10. Балқаш өркі. Америкадан әкелініп, будандастырылған.     Зеленстрой мекемесі қаланы көгалдандырумен шұғылданады.Қазір олар Голландиялық өсімдіктерді өсіріп, қаланың көркін келтіріп отыр. Мәдениөсімдіктер:1.Фиалка. 2.Кливия. 3.Рео. 4.Сансевьера.5.Хамедорея.6.Бегония тигровая. Зефирантес т.б.. Балқаштың бақшалық мәдени өсімдіктері құстарға жақсы азық. Мәдени өсімдіктер адамға қуаныш сыйлайды.

                                                      Қорытынды.

Балқаш өңіріндегі ихтио, био , жануарлар ландшафы және адамдар өзара үзілмейтін шынжыр тәрізді экологиялық тепе-теңдікте, байланыста екенін ұмытпайық. Көлдегі биоландшафсыз ихтиоландшаф болмайды. Ал ихтиоландшафсыз жануарлар әлемі тіршілігін тоқтатады. Жануарлар әлемі толықтай жойылса, Балқаш көлі де өз құнын жоғалтады. Биоландшафсыз көл улы да, зиянды суға айналып, жағадағы өсімдіктерге, адамға ауру таратады. Уланған топыраққа өсімдік өспейтінін, улы су топыраққа жайылып, судағы зиянды тұздар адам ағзасы мен қоршаған ортаны улайтынын есте ұстаңыздар.Балқаш адамзаттың ғана туған жері  емес. Ол сонымен қатар, өсімдіктер, жануарлар әлемінің де алтын бесігі екенін ұмытпайық. Балқашымыз-бағымыз, арайлап атқан әрбір таңымыз екенін әрдайым есте ұстайық!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Страна гор и степей.Астана, 2001.

2.Балқаш өңірі.Қайнар, 1984. Николаев В.

3.Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Энциклопедия. Алматыкітап,2004.

4.Қазақстанның жануарлар әлемі.Энциклопедия.Алматыкітап,2004.

5.Қазақстан қызыл кітабы.2004.Алматыкітап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ондатр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 13901 | Добавил: Жанна | Рейтинг: 0.0/0
Сайтқа кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Ақпан 2013  »
ДсСеСәБеЖұСбЖе
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Мұрағат

Сайт достары
  • Ресми блог
  • uCoz-қауымдастығы
  • FAQ
  • uCoz-нұсқаулар

  •  


    Банк Интернет-портфолио учителейРадио для всех - юные радиолюбители Рейтинг@Mail.ru

    Бастауыш сынып сайты@Джумартова Ж.М.


    Verification: 2565ec65a513af9bb884567f6842a683